Қостанайда жалған полицей тұрғыннан ақша бопсалаған , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған полицейді ұстау операциясын Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жүргізді.

– Полицияға облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ақша бопсалағанын хабарлады. Өтініш берушінің барлық дәлелдері мұқият тексеріліп, расталды, – деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев.

Тексеру кезінде күдіктінің Қостанайға келген Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды. Ол жәбірленушіні қылмыстық жауапкершілікке тартумен және зиянды мәліметтерді таратумен қорқытты. Осылайша ол екі миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған.

– Бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Өзіндік қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні Қостанай қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ол сотпен тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп қорытындылады Серік Байғонов.

Қостанай облысының ПД азаматтарға қатысты заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажеттігін хабарлайды.
Қостанай облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?